Қоғам

Құрылым

Қазіргі уақытта қоғамның құрамында мынадай бөлімшелер бар:

  • Қоғам Президиумы
  • Ғылыми кеңес
  • Тексеру комиссиясы
  • Қамқоршылық кеңесі

Осы бөлімшелердің құрамына тек Қазақ Географиялық қоғамының нақты мүшелері ғана сайлануға құқылы.

Президиум

  • Съезд, қамқоршылық және ғылыми кеңестердің шешімдерін орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
  • Президиум төрағасымен бірлесіп президиум төрағасының орынбасарларының қызмет бағыттарын және олардың лауазымдық міндеттерін айқындайды.
  • Шет мемлекеттердің географиялық қоғамдарымен, өзге де шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара байланысты жүзеге асырады.
  • Бөлімшелердің қоғам мүшелігіне қабылдау және қатардан шығару туралы шешімдерін бекітеді.
  • Ғылыми конференциялар шақырады.
  • Кітапхана мен мұрағаттың жинақталуы және жұмысы мәселелерін қарайды.

Ғылыми кеңес

  • Сараптама комиссияларының, оның ішінде наградалар жөніндегі комиссияның құрамын бекіту.
  • Медальдарды, сыйлықтарды және құрметті дипломдарды беру бойынша үміткерлерді қамқоршылық кеңесіне ұсыну.
  • Съезге Бірлестіктің Құрметті мүшесі атағын беру үшін кандидаттарды ұсыну.
  • ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының және басқа да академиялардың мүшелігіне сайлау үшін кандидаттарды ұсыну.

Тексеру комиссиясы

Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асырады және ол үшін жауапты болады. Съезд сайлайды.

Қамқоршылық кеңесі

  • Қоғам басшылығына материалдық-техникалық базаны нығайтуда көмек көрсету.
  • Қоғамның жарғылық мақсаттарын ұйымдастыру мен іске асыруға жәрдемдесу.
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да іс-шараларды жүзеге асыру.