«Томас пен Люси Аткинсондардың ізімен» атты экспедициясы естеріңізде ме? Саяхатшы, жазушы және көркем суретші Томас Аткинсон және оның жұбайы Люси Аткинсонның өмірлерін зерттеу мақсатында ағылшын саяхатшысы, журналист, жазушы Ник Фелдинг өзінің жұбайы Роузбен бірге Қазақстанға келіп кеткен болатын. Томас пен Люси Аткинсондар Қазақстанда шамамен екі жыл — 1848-1849 жылдары болған. Былтырғы жылғы экспедицияның қатысушылары Аткинсондардың бағдарын Аманбөктер ауылынан бастап Жасылкөл көліне дейін қайталап өтіп шыққан.

Жағымды хабар: «Томас пен Люси Аткинсондар ізімен» экспедициясы екінші жалғасын тапты! Экспедиция 10 адамнан тұрады, солардың ішінде шетелдіктер:

— Экспедиция басшысы Ник Фелдинг
— Фотосуретші Дэвид О’Нил
— Альпинист және саяхатшы Харви Фелдинг
— Альпинист және жабайы табиғаттың сарапшысы Мэтью Томс

Ең басында бағыт Жасылкөлден бастау алып, Алакөл көліне дейін өту керек болатын. Бірақ, қазір ол жақта өрт қаупі туындағандықтан, сол бағдардан бас тартылды. Жоспарлар өзгеріп, басқа да бағдарларды зерттеу шешімі қабылданды. Саяхатшылар мемлекетік ұлттық Жоңғар-Алатау саябағының Сарқант бөлімшесінің батыс бөлігін зерттеп жүр.

Келер жылы Тарбағатай тауларына қарай экспедиция жоспарлануда.

 

 

Помните экспедицию «По следам Томаса и Люси Аткинсонов»? Английский путешественник, журналист и писатель Ник Фелдинг со своей супругой Роуз приезжал в Казахстан с целью изучить жизнь путешественника, писателя и живописца Томаса Аткинсона и его жены Люси Аткинсон. Томас и Люси Аткинсоны провели в Казахстане почти два года — с 1848 по 1849 гг. Участники прошлогодней экспедиции повторили маршрут Аткинсонов от села Аманбоктер до озера Жасылколь.

Приятная новость: экспедиция «По следам Томаса и Люси Аткинсонов» началась во второй раз! Экспедиция состоит из 10 человек, из которых иностранцы:

— Ник Фелдинг, глава экспедиции
— Дэвид О’Нил, фотограф
— Харви Фелдинг, альпинист и путешественник
— Мэттью Томс, альпинист и эксперт по дикой природе

Изначально маршрут должен был проходить от озера Жасылколь до озера Алаколь. Но маршрут был отменен, поскольку сейчас там пожароопасный период. Планы поменялись, принято решение изучить другие маршруты. Путешественники исследуют западную часть Саркандского филиала Жонгар-Алатауского государственного национального парка.

В следующем году планируется экспедиция в горы Тарбагатай.