← Барлық баспасөз хабарламалары

17.09.2026

Мағжан Сағымбаевтың «Қос доңгелектегі көшпенді» кітабы

Қазақстан Географиялық Қоғамының қолдауымен және жәрдемімен белгілі қазақстандық саяхатшы Мағжан Сағымбаевтың өзінің керемет жалғыз велосаяхаты туралы баяндайтын «Қос дөңгелектегі көшпенді» атты шабыттандыратын кітабы жарық көрді.

Шекарасыз жол

Басылым түрлі континенттердің шөлдері, таулары мен мегаполистері арқылы өткен ондаған мың шақырым жолды қамтып, физикалық және психологиялық қиындықтарды еңсеруді, әлем халықтарының таңғажайып мәдениетімен танысуды және үйреншікті шекараларға сын көзбен қараған автордың терең ішкі ашуларын суреттейді.

Саяхатқа шабыт

Кітап барлық шытырман оқиғаларды, велотуризмді және белсенді өмір салтын ұнататындар үшін нағыз бестселлер және үстел кітабына айналып, оқырмандарды планетаны батыл зерттеуге және адам рухының шексіз мүмкіндіктеріне сенуге шабыттандырады.