← Барлық зерттеулер

Дінмұхамед Майлибай ҚазГео қолдауымен NASA-да!

Талантты қазақстандық жастарды жүйелі түрде қолдаудың жарқын мысалы ретінде жас қазақстандық зерттеуші Дінмұхамед Майлибайдың Қазақстан Географиялық Қоғамының белсенді ұйымдастырушылық және сараптамалық жәрдемімен NASA ғарыш орталығына білім беру сапары мен тағылымдамасы ұйымдастырылды.

Дінмұхамед терезе алдында, футболкасында ҚазГео логотипі
NASA құрастыру цехының ішінде, ғарыш модульдерінің макеттерімен

Арманан ғарышқа қарай

ҚазГео жас ғалымның өршіл жобасын үйлестіруді және қолдауды өз мойнына алып, оның алдында әлемдік ғарыштық инновациялар орталықтарының, зертханалардың есігін ашты және озық инженерлер мен астронавттармен кездесулер ұйымдастырды.

Дінмұхамед Қазақстан туралы баяндама жасауда
Бағдарлама қатысушылары дөңгелек үстел басында

Шабыттандыратын мысал

Бұл жетістік жаңа буын қазақстандықтардың ғылыми әлеуетін дамытуға маңызды үлес қосып, табандылық, терең білім, ғылымға деген құштарлық және беделді кәсіби қоғамдастықтың қолдауы ең батыл балалық армандарды шынайы өмірге айналдыра алатынын іс жүзінде дәлелдеді.